Отрар Тревел авиатурагенттігі

Біз туристік қызметтердің толық спектрін ұсынамыз: әуе және теміржол билеттерін брондау, қонақ үйлер, виза ресімдеу, сондай-ақ іскерлік сапарлар мен іс-шаралар ұйымдастыру. 

Біз не істейміз

Отрар Тревел іс шаралар, іс сапар және бизнес саяхаттарын ұйымдастыру маманы болып табылады. Сіз саяхатта өзіңізді еркін сезіну үшін біз күн сайын:

– әлемнің түкпір-түкпірінен барынша кеңейтілген контентті пайдалана отырып авиа және ж/д бағыттарды дайындаймыз;

– ондаған қонақ үйлердің бағаларын алдын ала салыстыра отырып қонақ үй брондау;

– іскерлік және туристік визаларды ресімдеуге көмектесеміз;

– өмір бойы жағымды әсер қалдыратын турлар табамыз;

– қонақтарды әуежайларда қарсы алып, шығарып саламыз.

Біздің қызметтер

Авиабилеттер

Барлық авиакомпаниялар және бағыттар бойынша билеттерді брондау және жазу. Чартерлік ұшулар. Топтық сапарлар. 24/7 қолдау.

Теміржол билеттері

Қазақстан, ТМД елдері, Еуропа, АҚШ бойынша теміржол билеттерін брондау.

Халықаралық және Ішкі Туризм

Халықаралық және ішкі турлар, сондай-ақ топтық және жеке экскурсиялық бағдарламалар ұйымдастыру.

Қонақ үйлер

Қонақ үй, апартаменттер, виллалар және т.б брондау. Тікелей келісім шарттар мен корпоративтік бағалар.

Виза және сақтандыру

Әлемнің кез-келген еліне туристік және іскерлік визалар ресімдеу. Медициналық сақтандыру дайындау.

Трансфер

Қонақ үй мен әуежайдан трансфер ұйымдастыру. Әуежайларда VIP сүйемелдеу.

Корпоративтік клиенттерге

Сіздің қызметкерлер жиі іс сапарларға шығатын болғандықтан сізге кәсіби тревел консультаттың қолдауы қажет пе?

Бірден Отрар Тревелге хабарласыңыз! Сіз берген тапсырысқа қарай біздің топ ең қолайлы бағыттарда авиа және теміржол билеттерін тауып, қонақ үй брондап, трансфер ұйымдастырып, қажет жағдайда визалық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, ойын-сауық шараларының нұсқаларын дайындаймыз.
Біз демалыссыз 24/7 жұмыс істейміз.
Біз тревел – қызметтерді ұсынушылардың түрлі нарығына қол жетімділігінің арқасында сіз берген бюджетке сай шығындарды оңтайландырып, сапарларды қадағалаймыз.
Сапар соңында толық есеп береміз.

Мамандар командасы

Сапар туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

24/7 қолдау

Авиабилеттер мен қонақ үйлерге эксклюзивті тарифтер

Әуежайларда тәулік бойы жұмыс істейтін кеңселер

Сапар туралы толық талдау мен есеп беру

Субагент болу

Сіздің авиакасса, туристік агенттік, авиабилеттер сатуға арналған бизнес және басқа да туристік қызметпен айналысқыңыз келеді ме?

Біздің серіктес болуға кең мүмкіндіктер беретін авиабилеттер сату мен туристік қызметтерді ұсынуда үлкен тәжірибеміз бар.

Бізбен субагенттік келісім шартқа отыру арқылы сіз кепілді түрде:

1. Төмен сервистік алымдар.
2. Жоғары сервис қызмет көрсету.
3. Тұрақты ақпараттық және техникалық қолдау.
4. СПБ-Германия, АҚШ, TCH-Ресей сияқты шетелдік нарықтағы авиаконтентке қол жеткізе аласыз.
5. Нарықтағы және әуекомпаниялардағы жаңалықтар.
6. Әлемдегі 1000нан астам әуекомпаниялардың тиімді тарифтеріне қол жеткізу.
7. Қазақстанның 6 қаласында қолдау.

Серіктестік түрлері

01

Өтініммен жұмыс істеу. Сіз авиабилеттерді брондау және ресімдеу өтінімдерін бізге жібере аласыз. Біздің агенттер ақпаратты өңдеп, сізге дайын шешімді береді. Бұл серіктестік сіздің компаниядан арнайы оқыған маманды талап етпейді.

02

Өз бетінше жұмыс істеу. Өзіңізге RTS Amadeus (Amadeus Ticket Robot) орнату. Бұл сіздің нақты уақыт режимінде бағыттарды таңдауға мүмкіндік береді. Бұл нұсқа сіздің агенттікте білікті мамандардың болуын қажет етеді.

03

Біздің онлайн платформада, өз жеке кабинетіңізде жұмыс істеу. Агенттікке нақты уақыт режимінде, графикалық режимде бағыттарды таңдап, авиабилеттерді брондау және ресімдеуге мүмкіндік береді. Бұл нұсқа аздаған болсада билет сатуда тәжірибесі бар маманды қажет етеді.

Корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру

Корпоративтік іс-шаралар немесе MICE турлар – бұл мынандай тапсырмаларды шешуге арналған іс-шаралар:

  • Іскерлік келіссөздер жүргізу,

  • Ынталандыру немесе мотивациялау турларында ұжымды мотивациялау және біріктіру,

  • Пресс тур немесе блог турларда және т.б өз өнімдерің, қызметтерің жайлы ақпараттандыру.

    Жыл сайын Италия (Турин), Испания (Барселона), Эстония (Таллин), Түркия (Стамбул), Израиль (Тель-Авив), АҚШ (Нью-Йорк), Ресей (Санкт-Петербург) сияқты елдерде, Қазақстанның Алматы, Астана, Бурабай, Ақтөбе, Ақтау сияқты қалаларында осындай іс шаралар өткізіп тұрамыз.

    Бізде 6 500 қанағаттанған туристер, шамамен 1 345 өткізілген іс-шаралар, 95% қайталанған өтініштер бар.

M

Meetings — іскерлік кездесулер, сапарлар.

 

Іс-шараларды ұйымдастыру кезінде:

  • концепция, сценарий, смета жасау,
  • іс шара өтетін жерді, қонақ үй, транспорт, авиабилет, теміржол билеттерін таңдау,
  • кездесуге қажет тамақтану мен техникалық қамтамасыз ету.

I

Incentives — мотивациялық, көтермелеу турлары.

 

Спорттық жарыстардан бастап Зеңгір жағалауындағы корпоративтік кештерге дейін сценарий әзірлейміз. Ол үшін:

  • жоспар және смета жасаймыз,
  • өтетін жер, ресімдеу, жүргізуші таңдаймыз,
  • барлық туристік қызметтерді ұйымдастырамыз.

C

Conferences — конференциялар, семинарлар, форумдар.

 

Қалың жұртшылыққа, компания қызметкерлеріне арналған үлкен іс шаралар. Іскерлік, ойын-сауық шараларын ұйымдастырамыз.

  • концепция, жоспар, өтетін жері,
  • барлық туристік қызметтер,
  • мәдени – ойын-сауық бағдарламасы және т.б.

E

Events — корпоративтік іс-шаралар.

 

Сапарларды жоспарлау, іс шараларды өткізу барысында ерекше назар аударамыз:

  • бағдарламаны ұйымдастыру,
  • туристік сүйемелдеу (билеттер, трансферы, виза, қонақ үй, әуежайларда VIP-қызмет көрсету т. б.),
  • ойын-сауық бағдарламаға ерекше назар аударамыз.

Біз жайында

Отрар Тревел компаниясының негізі 1997 жылы қаланған және Қазақстандағы жетекші туристік агенттік болып табылады. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Қазақстанның 6 қаласында 8 филиалдарымыз бар.

Қызметкерлеріміз Ницца, Мәскеу, Женева және Монреаль сияқты мамандандырылған тренинг орталықтарында білім алып, халықаралық IATA, Amadeus, Sabre, Abacus, Gabriel, Sirena дипломдары мен сертификаттары арқылы өз білімдерін растаған кәсіби мамандар.

Отрар Тревел BSP-Қазақстан мен Қазақстан Туристік Қауымдастығының қатысушысы болып табылады.
ISO 9001:2016 Сапа менеджменті жүйесі енгізілген.

Сіз өзіңізді еркін сезіну үшін біз барлығын жасаймыз. Бизнесте сенімді серіктес және клиенттеріміздің сеніміне ие болғанымызды мақтан тұтамыз.

Біз сандармен

0
Құрылған жыл
0
Қазақстан бойынша филиалдар
0
Корпоративтік клиенттер
0
Қанағаттанған клиенттер
0
Өткізілген іс-шаралар

Сертификаттар

Біздің контактілер

Ⓒ 2023 Отрар Тревел авиатурагенттігі. Барлық құқықтары қорғалған
Құпиялылық саясаты