Otrar Travel

Біз Жайлы

Кейде саяхатқа әзірлік тым шаршатып жіберетіндей көрінуі мүмкін.Әлуетті туристтерге таңдауға орасан мүмкіндік беріледі, сондықтан саяхаттың ұсақ-түйегін, шығыс сметасын құруға, баратын бағдарларын ойланып жоспарлай білуге баспана-орын қажет. Сенімді және кәсіби мамандар арқылы туристік өнім мен қызмет түрлерінің толық жиынтығын ала алатындай ондай орын бар.

1993 жылы біз KLM – Royal Dutch Airlines –тің бас агенті ретінде жұмысқа кірістік, соңынан «Отрар Травел» туристік агенттігі ретінде құрылдық. Біз әрдайым саяхат пен сапарларға аттанатын жолаушыларға сапалы да сенімді қызмет түрін көрсетуді көздедік. Қазіргі таңда біз Қазақстандағы нөмір бірінші турагент атағын алғанымызды мақтан тұта аламыз. Біз еліміз бойынша 16 кеңселерімізбен танымалмыз және туризм мен саяхат саласында жедел дамып келе жатқан ұйымбыз.

Біз түрлі туристтердің ерекшелігін ескере отыра – бизнес-турист, саяхат пен демалысқа баратын, қажылық саяхатқа шыққан туристтерге лайықты қызмет түрін ұсынамыз.Туристің келіп тоқтаған жерінде мейлі авиабилеттер болсын, қонақүйлерден орын қалдыру, визалық қызмет, машина жалға алу т.б. толып жатқан қызмет түрлерімен біздің жабдықтаушы-әріптестеріміз қамтамасыз етеді.

Клиенттің жайлылығы үшін аталған туристік өнім мен қызмет түрлері біздің броньды байланыстыру орталығы (call – center) және еліміз бойынша дамыған офистік желілері арқылы, тағы біздің вебсайттағы броньды-интернет жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Бізді өзгелерден даралайтын ерекшелік – біз өзінің ішкі құндылықтарын қадірлейтін ауқымды компаниямыз.

Біздің Отрарға Хош келдіңіздер!

       
      EnglishРусскийКазақ